«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІКСТАН “ЭКСПО – 2017” КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында “ЭКСПО – 2017” комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Іссапар аясында Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.Саидпен, экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматуллозодмен және Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодомен екіжақты кездесулер өткізілді.

Тәжікстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасарымен кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

“ЭКСПО – 2017” комиссары сұхбаттасын Астанада халықаралық көрмені өткізуге дайындықтың барысымен және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жасыл көпір” бағдарламасындағы әріптестік жөніндегі бастамасымен таныстырды.

Өз кезегінде, Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.Саид екі елдің арасында қалыптасқан биік түсіністік деңгейін және бауырластықты атап көрсетті. Саид мырза ел Үкіметінің атынан Тәжікстанның “ЭКСПО – 2017”-ге қатысатынын мәлімдеп, Душанбенің Астана көрмесінде ойдағыдай таныстырылатынын жеткізді. Ол, сондай-ақ, “Жасыл көпір” бағдарламасының негізгі әріптестік міндеттерінің Тәжік басшылығының экологиялық таза гидроэнергетиканы пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жаңа технологиялар трансферті жөніндегі бастамаларының сәйкестігіне назар аударды.

Тәжікстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматуллозодомен кездесуде тараптар Тәжікстанның Астанадағы халықаралық көрмеге қатысуы мәселелерін талқылады. “ЭКСПО – 2017”-ге дайындық барысының және оған қатысу шарттарының тұсаукесері ұйымдастырылды.

“ЭКСПО – 2017” комиссары баламалы энергетиканы құрып, пайдалануға қуатты серпін беретін, озық әлемдік технологияларды енгізуге мүмкіндік жасайтын, тиімді энергетикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ететін көрменің аясындағы ынтымақтастықтың маңызын атап айтты.

Сонымен бірге, тараптар тау-кен металлургия өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ, энергетика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады. Әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерге қарамастан, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамып отырғаны атап көрсетілді.

Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодомен келіссөзде екіжақты Қазақстан-Тәжік қарым-қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, түрлі деңгейлерде араласулар жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырысты, сондай-ақ, Қазақстанның Тәжікстандағы Мәдениет күндерін өткізу мәселелері қаралды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp