Ішіп алып, төсекте жатып темекі тартатындар опық жемей қоймайтынына оқыс оқиғалар көз жеткізіп жүр.
12 қаңтардағы оқиға да осылайша орын алды. Петропавлдағы Бірінші Амангелді қысқа көшесіндегі екі пәтерлі үйде өрт шығып, 68 жастағы қарт қаза тапты.
Жалғызбасты қарт жиі ішіп алып, төсекте жатып темекі тартады екен. Бұған дейін, атап айтқанда, өткен жылғы жазда үш рет осылайша қиын жағдайға тап болып, көршілері шыққан өртті сөндіріп алыпты. Ал төртінші жолы ақсақал ажал құшып тынды.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.