Қайтыс болған науқастың жүрегі, бүйрегі, бауыры және ұйқы безі 4 адамның өмірін құтқарды. 2014 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына жағдайы аса мүшкіл, басынан ауыр жарақат алған 40 жасар науқас жеткізілген. Аурухана дәрігерлері науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, 10 маусымда миы өлген. Туыстары марқұмның ішкі ағзаларын трансплантациялауға рұқсат берген соң реактивті ұшақпен 3 клиникадан трансплантация бригадасы келіп жетті. Марқұмның жүрегі, екі бүйрегі, бауыры және ұйқы безі алынды. Осы уақытта Астананың үш клиникасына ағзаларын транспланттауға мұқтаж үш науқас жатқызылып, дайындық шаралары жүргізілді. Ағзалар Астанаға жеткізіліп, бүйрегі 2 науқасқа, жүрегі 1 адамға және бауыры 1 науқасқа сәтті салынды. Ол науқастардың барлығы бірнеше мәрте стационарларда қолдау емін алған, өйткені, өмірлерін құтқарудың жалғыз мүмкіндігі ағзаларын алмастыру болған.
2014 жылғы ақпан айынан бері Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің 9 облыс орталығында Республикалық трансплантология бойынша үйлестіру орталығының өкілдіктерін ашты. Өңірлік және стационарлық мамандар Қазақстанда трансплантация саласын үйлестіру бойынша оқыту тренингтерін өткізді. Өңірлік орталықтар қазіргі уақытта әлеуетті донорлардан ағзаларын алуға бағытталған әзірлік жұмыстарын бастап кетті.
ҚазАқпарат.