«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.06.2014

АЙРЫҚША СЕНІМ

2013 жылғы 20 желтоқсанда “Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгерістер енгізілді. Кәсіптік және өзге де мерекелер тізімі 23 маусымдағы Мемлекеттік қызметші күнімен толықтырылды. Бұл тізімнің қазақстандықтарды патриотизмге және кәсіби мақтаныш сезіміне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында кәсіби және өзге де мерекелерде жалпыадамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеу мақсатымен бекітілгенін …

АЙРЫҚША СЕНІМ Read More »

АЛҒАШҚЫ АЯҚ АЛЫСЫ ЖАҚСЫ

Ұлттық банктің облыстық филиалының мәжіліс залында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) облыстық филиалы басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. “БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін біріктіру үдерісінің аяқталуы және оның ағымдағы қызметі” деген тақырыптағы кездесуді Ұлттық банк филиалының директоры Жомарт Қажырақымов ашты. Ол БЖЗҚ-ның біріктірілу себептеріне тоқталып, оның коммерциялық ұйымға жатпайтынын, зейнетақы активтері мен міндеттемелерінің қабылдау-өткізілуі табысты атқарылғанын, жаңа …

АЛҒАШҚЫ АЯҚ АЛЫСЫ ЖАҚСЫ Read More »

ЕЛ БАСҚАРУ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында алдымызда кәсіби мемлекеттік аппарат құру міндеті тұрғанын, ол үшін халыққа және мемлекетке қызмет ету қағидаттарына сәйкес бірінші кезекте мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, заңдылықты қатаң сақтау және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету міндеттері жүктелетінін атап өтті. Аталмыш мәселені шешудің …

ЕЛ БАСҚАРУ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ Read More »

РАДИОӘУЕСҚОЙЛАР САЙЫСЫ

Облыс орталығында жастар арасында спорттық радиопеленгация бойынша ел біріншілігі басталды. Төрт күнге жалғасатын жарысқа республиканың бірнеше облыстарынан 30-дан астам жас қатысуда. Бурабайда өтетін спорттық радиопеленгация бойынша әлем чемпионаты қарсаңында өткізіліп отырған біріншіліктің бірінші кезеңі – “түлкі аулау” ретінде белгілі спорттық радиопеленгация түрінде өткізілді. Қалған 3 күнде қатысушылар радиобағдарлау мен спринт бойынша сынға түседі. Қанат АТАМАНОВ, …

РАДИОӘУЕСҚОЙЛАР САЙЫСЫ Read More »

ЧЕМПИОН ЖЕҢІЛДІ

Маракана стадионында әлемнің ең азулы командасы атанған Испания чемпиондық тәжімен қош айтысты. Соңғы алты жыл бойы ешкімге жүлде ұстатпай келе жатқан Икер Касильяс пен оның отандастары жеңісті жолдан адасып, алдымен Голландиядан (1:5), содан соң Чилиден (0:2) оңбай ұтылды. 2010 жылғы әлем чемпионаты кубогының иегері, 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионы болған Испания құрамасы соңғы төрт …

ЧЕМПИОН ЖЕҢІЛДІ Read More »

ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРДЫ

Қайтыс болған науқастың жүрегі, бүйрегі, бауыры және ұйқы безі 4 адамның өмірін құтқарды. 2014 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына жағдайы аса мүшкіл, басынан ауыр жарақат алған 40 жасар науқас жеткізілген. Аурухана дәрігерлері науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, 10 маусымда миы өлген. Туыстары марқұмның ішкі ағзаларын трансплантациялауға рұқсат берген соң …

ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРДЫ Read More »

ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ТЫНЫШ ӨТТІ

Жуырда дүркіреп өткен мектеп бітіру кештерінде заң бұзушылық орын алған жоқ. Осы жайында облыстық Ішкі істер дапартаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл кештерді 600-ге жуық тәртіп сақшысы бақылауға алған болатын.  Облыс бойынша 242 мектепте, 90 дәмханада және 8 басқа да мекемеде өткен түлектердің кештері тәртіп сақшыларының тарапынан қатаң бақылауға алынды. Бұл шараларға облыс орталығында 180 полиция …

ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ТЫНЫШ ӨТТІ Read More »

“АЖАЛ ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ…”

“Ажал қайдан демеңіз, ажал аяқ астында!” деген сөзді бабаларымыз тегін айтпағанын өмір дәлелдейді. Әсіресе, бұрынғылар от пен судан сақтандырған. Осы тілсіз жаулардың зардап шектіретін мысалдары аз емес. Жаз жадырап шығысымен көпшілік суға шомылуға құмар. Алайда, бұл жағдайда да абайламаса болмайды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметінің мамандары үнемі ескертсе де, Есілде және басқа да …

“АЖАЛ ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ…” Read More »

ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ БІЛМЕГЕНДЕР ШАЛЫС БАСАДЫ

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында, қалалық оқу орындарында “Дінтану негіздері” курсын жүргізетін ұстаздармен кездесті. Жастардың теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін не істеу керек? Мектептерде 2009 жылдан бастап оқытылып келе жатқан “Дінтану негіздері” курсының мұғалімдеріне қандай мәселелерге мән берген жөн? Дәстүрлі дін жайында толық ақпаратты …

ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ БІЛМЕГЕНДЕР ШАЛЫС БАСАДЫ Read More »

МАЗАСЫЗ ТҮНДЕРІ ҮШІН МЫҢ ДА БІР РАХМЕТ!

Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Ақан Қажкеновтың блогына тәртіп сақшыларына риза болған өңір жұртшылығынан алғыс хаттар толассыз түсуде.  “Жоғары кәсібилігі, жеделдігі, қайырымдылығы және елгезектігі үшін Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің жас учаскелік инспекторы Ерболат Елеукинге алғысым шексіз. Оның отбасына бақыт, ашық аспан тілеймін”, – деп жазады хаттардың бірінде Петропавл қаласының тұрғыны …

МАЗАСЫЗ ТҮНДЕРІ ҮШІН МЫҢ ДА БІР РАХМЕТ! Read More »

БАЛА КЕЗІМДЕГІ АРМАНЫМ БОЛАТЫН

Адам баласы дүниеге келіп, ес білген соң өмірде өз орнын табар мамандық жайлы армандайды. Менің бала кездегі арман-мақсатым полиция қызметкері болу еді, сол арманыма жеттім. Ал биылғы жылы облыстың үздік жедел уәкілі атануым өз қызметімді мінсіз атқаруға ынта-ықыласымды арттыра түсті.  Бала кезімде әскери киімдегі адамдарға қызығып, ұлдармен ізкесуші болып ойнайтынбыз. Мектепті аяқтаған соң Ж.Мусин атындағы …

БАЛА КЕЗІМДЕГІ АРМАНЫМ БОЛАТЫН Read More »

ИОРДАНИЯ КОРОЛІ АБДАЛЛА II-МЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап …

ИОРДАНИЯ КОРОЛІ АБДАЛЛА II-МЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ АРТА БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіжақты байланыстарды одан әрі дамыта береді деп мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев: “Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш жылу-электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химия кешені …

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ АРТА БЕРЕДІ Read More »

ТАМСАНДЫРАТЫН “ТАЙЫНША АСТЫҚ”

Облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі – “Тайынша Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2005 жылы “Ясная поляна”, “Зеленый гай Тайынша” және “Кирово-Тайынша” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бірлесіп, үлкен серіктестік құрған уақыттан бері шаруашылық жомарт жерді идіріп, текті түлікті өсіріп, ризығын еңбекпен тауып келеді. “СИЫРДЫҢ СҮТІ – ТІЛІНДЕ” Іргелі ұжымның тынымсыз тірлігімен танысу сүт фермасынан басталды. Кешенге кірер қақпа алдында …

ТАМСАНДЫРАТЫН “ТАЙЫНША АСТЫҚ” Read More »

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ЕКІ АУДАННЫҢ ДАМУЫ

Кеше бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың ХХVІ сессиясы өтті. Онда Солтүстік Қазақстан облысы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының Айыртау және Шал ақын аудандарындағы орындалу барысы, 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша есепті бекіту туралы, “Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтары құрылысының бас жоспарлары туралы” облыстық мәслихаттың 2014 жылғы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 2014-2018 жылдарға арналған аудан …

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ЕКІ АУДАННЫҢ ДАМУЫ Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен мемлекетті қалыптастыруда ауқымды істер атқарылды. Еліміз ұласқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына түсті. Қазақстанның осындай жетістіктерге қол жеткізуінде мемлекеттік қызметшілердің еңбегі аз емес. Сіздер өз міндеттеріңізді жоғари кәсіби деңгейде атқара отырып, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің қалыптасуына зор үлес қосудасыздар.

ЭНЕРГЕТИКА АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Кеше С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстан энергетикасы ардагерлерінің кезекті республикалық форумы болып өтті. Онда Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының (ҚЭҚ) энергетика саласында пайда болған проблемаларды шешуіне арналған қызметінің негізгі бағыттары, ҚЭҚ ардагер энергетиктері кеңесінің есебі талқыланды. Оған республика өңірлерінің, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның ардагер энергетиктері, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, “Самұрықэнерго” АҚ-ның, ҚЭҚ-ның жауапты қызметкерлері, …

ЭНЕРГЕТИКА АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ Read More »