Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды және бірте-бірте еріп, таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр әңгімелері естіліп жатты.
Біріншісі айтты: “Мен – САБЫРМЫН. Мені адамдар бағаламайды, сақтамайды. Менде сөнуден басқа амал қалған жоқ!”. Бұл шырақтағы от сөніп қалды…
Екіншісі айтты: “Мен – СЕНІММІН. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнуден басқа жол қалған жоқ!”. Осылайша, екінші шырақ та сөнді…
Үшіншісі айтты: “Мен – МАХАББАТПЫН. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені бағалап, түсінбейді. Олар өздері үшін жанын беруге дайын жақын адамдарын жек көреді”. Көп күттірмей үшінші шырақ та сөнді…
Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол, қорқыныштан: – Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын! – деп айқайлап, көзіне жас алды…
Осы сөздерден қатты толқып кеткен төртінші шырақ: “Қорықпа, жылама! Мен жанып тұрғанымда, ол үшеуін әлі көп тұтандырамын. Мен – ҮМІТПІН!” – деді.
Иә, ең соңғы өлетін – үміт…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 17.04.2025
- 2 қаралым
- 17.04.2025
- 2 қаралым
- 17.04.2025
- 1 қаралым
- 17.04.2025
- 1 қаралым
- 17.04.2025
- 4 қаралым