«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Физика саласы бойынша Нобель сыйлығы кімдерге берілді?

Роджер Пенроуз, Рейнхард Генцель мен Андреа Гез физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

Премия ғалымдарға қара саңылауларды зерттегендері үшін берілді. Марапаттау рәсімі швед өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні, 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp