Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылға арналған күнтізбесін жариялады.
Қазақстан Суперкубогы аясындағы “Астана” – “Қайсар” матчы 29 ақпанда өтеді. Премьер-лиганың бірінші туры 7 наурызға белгіленген. Петропавлдық “Қызылжар” командасы бұл күні сырт алаңда “Астанаға” қарсы ойнайды. Екінші турды павлодарлық “Ертіс” командасына қарсы өткізеді. Бұл матч 15 наурызда өтеді. Ал жерлестеріміз 21 наурыз күні өтетін үшінші турда өз алаңында “Оқжетпес” командасын қабылдайды.
7-8 шілдеде УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/2021 бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары, 9 шілдеде Еуропа Лигасының 2020/2021 бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары өтпек.
Сурет http://islam.ru/ сайтынан алынды.