«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Халық алғысы” — жоғары марапат

Облыстық полиция департаментінің кезекті аппараттық жиналысы марапаттау рәсімімен басталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев “Халық алғысы” медалін табыс етті.

Бұл марапатқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен 25 солтүстікқазақстандық полицей ие болды. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезеңінде блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік атқарып, карантин аймағын күзетті, коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауырған науқастардың жүрген жерлерін анықтады.

Марапаттау рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді. Ведомство басшысының қолынан Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қайрат Бимендин, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжанов, Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов, Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов марапат алды. Марапатталғандардың арасында әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов пен патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев, патрульдік полиция мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де бар.

“Наградалар біздің қызметкерлердің, әсіресе, осы қауіпті індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін қазіргідей кезеңде мінсіз қызмет атқаруға серпін береді”, – деді облыстың бас полицейі Марат Төлебаев.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp