«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

2014 жылғы 25 қарашада “Солтүстік Қазақстан” газетінде Тілеген Жетеевтің “Барымташылар” басынып барады” деген мақаласы жарияланған болатын. Осыдан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысына қатысты тексеріс жүргізіліп, аталмыш мәселе ішкі істер департаменті басшылығының назарына алынды.

Тексерістер нәтижесінде мал ұрлығына қатысты аудан тұрғындарының барлық өтініштері заң жүзінде тіркелгені белгілі болды. Биылғы жылдың 14 тамызында 21 қойының жоғалғандығы туралы мақала авторының арызы да дер уақытында тіркеліп, ол бойынша қылмыстық істің қозғалғандығы анықталды. Аталған істің шеңберінде Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылының тұрғындары К.Төлегенованың, А.Құдайбергенованың, Ж.Мұсабаеваның және Г.Жүсіпованың жайылымда жүріп, қолды болған 29 қойының жоғалу фактілері де тергелу үстінде.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тілеген Жетеевтің 6 қойы Жамбыл ауданының Екатериновка ауылының маңында жайылып жүрген жерінен табылды. Басқа да жоғалған малдарды іздеу жұмыстарына аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, Пресновка ауылындағы үйлердің аулалары, ет қабылдайтын қосындар тексеріліп, күдікті азаматтар тергелді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына шекаралас аймақтарда аталмыш мәселе бойынша тергеу амалдарын жүргізуге қатысты халықаралық тапсырма берілді.

Бұл мәселе облыстық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасының бақылауында.

Хайыр БАЙҚАДАМОВ,

облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp