«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫРШАЛАР КҮЗЕТІНДЕ

Бүгіндері солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қылқан жапырақты ормандардың күзетін күшейтуде.

Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы мамандарымен бірлескен рейдтер желтоқсанның 11-нен бері жүргізіліп жатыр. Қылқан жапырақты ормандар маңында 21 бекет орнатылып, 120-дан астам топ сауда орындарын, жол бойын бақылауда. Шыршаларды заңсыз кесуге тосқауыл қою үшін кәсіпкерлердің рұқсат құжаттары тексеріледі. Мамандардың айтуынша, әзірге заңсыздық фактілері тіркелмепті. Ал заңсыз кесілген болып шықса, әр шырша үшін 15 АЕК мөлшерінде айып салынады.      

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp