«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒЫН АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

Құстары жаппай қырылып, шығынға батқан облыс тұрғындарына өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Өңір басшысы айтып өткендей, бүгінде құс тұмауынан келген шығынды арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. “Құстары қырылып қалған азаматтарға қаржылай көмек нарықтық баға бойынша белгіленеді. Бүгінде бұл жұмысқа арнайы комиссия жауапты. Сонымен қатар құс шаруашылығындағы жұмыс орындарын сақтап қалу маңызды. Жұмыртқа мен құс етінің бағасын шарықтатуға да жол бермеуіміз қажет”, – деп жазды Құмар Іргебайұлы.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов солтүстікқазақстандық құс фабрикалары ішкі нарық сұранысын толықтай өтеп отырғандығын айтқан болатын. Әзірге жұмыртқа бағасы қымбаттаған жоқ.

Жүргізілген талдау нәтижелері қырылған құстардың жоғары патогенді тұмауға шалдыққанын көрсетті. Бүгінде құс тұмауы тіркелген жеті аудандағы он елді мекенде карантин режімі енгізілген.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp