«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН

Қазақстан тарихында алғаш рет жүгіруден “760greenkm” атты экологиялық марафон бас­талды. Әуесқой спортшылар 18 күннің ішінде 760 шақырым­ды бағындырып, еліміздің 18 қаласын жүгі­ріп өтпек.

“760greenkm” марафонының мақса­ты – кез келген қала тұрғынына жаттығу арқылы табиғатпен үйлесім табуға болатынын көрсету. Шараның ұйымдастыру­­шылары Ғалым Шуашев, Дмитрий Ким және Айдын Сәдібековтің айтуынша, бұл марафон отандастарымызды қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

– Қазақстан бойынша 760 шақырымды еңсеріп, еліміздің 18 қаласына аялдайтын боламыз. Яғни, күніне 42 шақырымды еңсеруді көздеп отырмыз. Марафон барысында болашақ ұрпаққа аманат ре­тінде және артымызда “жасыл із” қалдыру мақсатында 760 көшет отырғызатын боламыз, – дейді Дмитрий Ким.

Саламатты өмір салтын насихаттаушылар 27 қыркүйекте Петропавлға жетіп, келесі күні Қостанайға бет алмақ. Қыркүйектің 20-сы Талдықорған қаласында басталған марафон 7 қазан күні Алматы қаласында мәресіне жетпек.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp