«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТҚА ҚАТЫСТЫ

 

Елімізде дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне арналған “Эко-сағат” акциясы өтуде. Осы орайда, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен факультативке қатысып, студенттермен қоршаған ортаны қорғау жайында пікір алмасты. 

Алдымен өңір басшысы білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 87 жылдық тарихы бар колледжде бүгінгі таңда 1200-ден астам студент 9 мамандық бойынша білім алуда. Олардың қатарында құрылысшы, дәнекерлеуші, сылақшы сияқты жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатқан қыз-жігіттер бар. Колледж басшылығы жыл сайын 200-ге жуық студентті оқуға қабылдап, түлектердің 80 пайыздан астамының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде. Сапалы білім алған студенттер жылда “WorldSkills Kazakhstan” республикалық сайысында топ жарып жүр. Білім ордасында дәнекерлеудің 5 түрін меңгерген жігіттер Петропавл №2 жылу-электр орталығында, “Есіл су” республикалық мемлекеттік кәсіпорнында және “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өтеді. Колледждегі заманауи жабдықтардың игілігін көрген түлектер 4-разрядты дәнекерлеуші атанады. 

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Жас маман” жобасы аясында әрбір өңірдегі 10 тірек колледжді жаңғыртуды тапсырған еді. Яғни, оқу орнына қосымша қаражат бөлініп, заманауи жабдықтармен қамтылатын болады, – деді Құмар Іргебайұлы.
Бұдан соң өңір басшысы “Эко-сағат” факультативіне қатысты. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp