«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН

«Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-да тұтынушыларға энергия жеткізгенде электр энергиясы шығындарын төмендету жұмысы бастапқы міндет болып табылады. Соған орай кәсіпорында энергияны үнемдеу үшін арнайы бағдарлама дайындалған, соның аясында электржелілік компания жабдықтарының тозу пайызын төмендетуге бағытталған бірқатар шаралар жасалуда және заманауи технологиялар енгізілуде.

Электр қуатын тарататын ұйымның негізгі міндеттері – тұтынушыларды үзіліссіз электр қуатымен жабдықтау және бекітілген нормаларға сәйкес жеткізілетін электр энергияның сапасын жоғары деңгейде сақтау.

Энергияны үнемдеу шаралары аясында үстіміздегі жылы инвестициялық бағдарламаға байланысты 220/110/10 кВ «Сібір», 110/35/10 кВ «Комаров», «Николаевка», 35/10 кВ «Волошинка», «Андреевка» және «Дубровное» сияқты облыстың 6 қосалқы стансасында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу есепке алудың дәлдігін көтеруге, электр энергиясының сапасына бақылауды қамтамасыз етуге, шығындарды анықтап және тоқтатуға, тонау жағдайларын анықтауға және электр энергиясы таратылуының айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала мен облыстың қосалқы стансаларының кірмелерінде қарастырылған өлшеу кешендерінің орнатылуы электр энергиясының шығындарын төмендетеді, оның ішінде есепке алу аспаптарының қателіктеріне, электр энергиясының нормадан артық шығындарына жол бермеуді қамтамасыз етеді және кәсіпорынның еңбек шығындарын азайту үшін қашықтықтан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді. 2015 жылдың аяғына дейін ЭКЕАЖ Петропавл қаласының, Бескөл, Петерфельд және Соколовка ауылдарының 7 586 есепке алу нүктесінде орнатылады.

Энергияны үнемдеу бағдарламасы аясында кәсіпорындағы жалаңаш сымды ӨОС (өзі тасымалдайтын оқшауланған сым) маркалы сымына ауыстыру арқылы 0,4 кВ-тық әуе желілерімен қайта жабдықтау жүргізіліп жатыр. 2015 жылы Петропавл қаласында – 46 шақырым және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында 17 шақырым электр желілерін 0,4 кВ-тық әуе желілерімен қайта жабдықтау жоспарланды. Оған кәсіпорынның өз қаражаты мен Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) қарызы пайдаланылады. ӨОС жүйесі оңай бұзылмайтындығына байланысты тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігін көтеруге және дәстүрлі әуе желілерімен салыстырғанда пайдалану шығындарын төмендетуге (80%-дан астам) бағытталған. Жалаңаш сымды өзі тасымалдайтын оқшауланған сымға ауыстыру электр энергиясын ұрлап пайдалануға жол бермейді, энергиямен жабдықтаудың жоғары сенімділігіне кепілдік береді, сонымен бірге электр энергиясының техникалық шығындары ең аз мөлшерде болады.

2015 жылы кәсіпорынның дамуына 1 млрд. 100 млн. теңгенің инвестициялық қаражаты жұмсалады. Тарифтік қаражаттың 160 млн. теңгесі жабдықтардың ағымдағы және күрделі жөндеулеріне бөлінді. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы компания Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінен қарызға алған ақшалай қаражатты игеру бойынша жұмысты жалғастыруда. Сөйтіп, желілердің жаңартылуына елеулі қаражат салынғандықтан, 2015 жылғы 1 қазан күнгі жағдай бойынша «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-дағы нақты шығындар деңгейі 9,22 пайызды құрады, ал жоспар бойынша ол көрсеткіш 13,43 пайыз болуға тиісті.

2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін көтеру туралы» заңды орындау мақсатымен «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-да энергия менеджменті жүйесі бойынша ISO 50001:2011 халықаралық стандарты енгізілген және табысты түрде жұмыс істеуде. 2015 жылғы маусымда сертификациялық аудит табысты өтті, соның нәтижесі бойынша энергия беретін ұйымға энергия менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты берілді (тіркеу нөмірі 01 407 1518811). Бұл жүйе энергия пайдаланудың тиімділігін көтеруге, шығындарды төмендетуге және кәсіпорын қызметіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Жоғарыда аталған заңның 16-бабының талаптарын орындау мақсатымен 2014 жылы энергиялық аудит өткізілді. Энергетикалық тексеру барысында электр энергиясы шығындарының құрылымына, электр жабдықтарының құрамы мен жұмыс, электр энергиясын есепке алу жүйесіне, пайдалану, жарықтандыру және жылыту жүйелері жұмысына талдау жасалды. Электр жабдықтарының жағдайына талдау жасау үшін тепловизиялық түсірілім жасалды. Ғимараттар мен имараттардың жағдайына баға беру үшін қоршау құрылмасына термография жасалды және жылумен жабдықтау жүйесі тексерілді.

Өлшеу кезеңінде 220/110/10 кВ «Сібір» ҚС, 220/110/35/10 кВ «Тимирязев» ҚС, 110/35/10 кВ «Покровка» ҚС, 35/10кВ «Западная» ҚС, 110/35/10 кВ «Николаевка» ҚС сияқты кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшелері тексерілді.

Жасалған жұмыс энергияны тиімсіз пайдалану аумақтарын және ұтымсыз шығындардың пайда болу себептерін анықтады. Осы шара аяқталғаннан кейін энергиялық аудит шешімі шығарылды, онда энергиялық ресурстарды пайдалану тиімділігінің бағасы, бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері анықталды және «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ үшін техникалық және ұйымдастырушылық жағынан энергияны үнемдеу шешімдері ұсынылды.

Виталий ФЕСЬКО,

«Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp