«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

Жексенбіде өткен Тәжікстандағы президенттік сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша ол 90,92% дауысқа ие болған.
Сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен тағы да 4 үміткер қатысты. Олар аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода, Экономикалық реформа партиясынан Рустам Рахматзода және Коммунистік партиядан Мирод Абдуллоев.
Айта кетейік, Тәжікстанда президент 7 жылға сайланады.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp