«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ  БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҮШІН ОНЛАЙН-ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ 

Республикалық «Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасының онлайн-лагерінің тренингтері басталды. 

Жобаны Ұлттық Дельфий комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық қолдамаларды бастау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында іске асырып отыр.
 Оқыту  Halyk Tarihy мобильдік қосымшасында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізіледі. Бұл 100 адам жобаның зияткерлік викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен.
Бес күн бойы ұйымдастырылатын тренингтер көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері, қоғамды топтастыру,  қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа –қоғамдық пікірге әсер ету құралы бағыттары бойынша өткізіледі.
 Тренинг нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы  Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий комитетінің  әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бойында адами құндылықтарды, бірыңғай тарихи сана қалыптастыруға бағытталған білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің youtube-арнасындағы материалды тыңдай алады.
 Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл жоба қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра және этникалық ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp