«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЮЛИЯНЫҢ ӘНІ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдық мерейтойына орай “Өнеріміз саған, Қазақстан” байқауын ұйымдастырған болатын. “Дала дауысы” аталымында бас жүлдеге ие болған жерлесіміз Юлия Родионованың “Отан ана” әні қазылар алқасының ғана емес, бүгінде көптеген мәдениет жанашырларының жоғары бағасын алып отыр.

Жоғары білімді мемлекеттік тіл­де алған Юлия Родионова уни­верситетті бітіргеннен кейін де қа­зақ тілінен қол үзіп қалған жоқ. Той ұйымдастыру саласында еңбек ететін жерлесіміз жастардың не­келесу рәсімін мемлекеттік тіл­де өткізіп жүр. Мектеп жасында во­калмен айналысқан Юлияға қазақ әндерін нақышына келтіріп айту қиындық тудырмайды.
“Шыны керек, нағыз та­лант­тар қатысатын байқауда ән таңдау қиынға соқты. Қазақ хал­қының төл туындыларының біра­зын тыңдап, айтып көрдім. Бір күні таныс дыбыс режиссері “Отан ана” әнін орындауға кеңес берді. Мен де қарсы болмадым,” – дейді Юлия.
Осылайша, көп ұзамай дайын болған бейнебаян қазылар алқа­сының тарапынан жоғары баға­ланып, екі бірдей байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылған. Өнер сайысы аяқталса да Юлия­ның орындауындағы әнді тыңда­ған отандастарымыз оған жылы лебіздерін білдіріп жатқан көрі­неді.
Юлия Родионова алдағы уа­қыт­та қазақ әндерін үлкен сахна­ларда шырқап, Отаны – Қазақ­станның мәдени құндылықтарын насихаттауды жоспарлауда.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp