«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНҒАНДАР

Облыстық көші-қон қызметі басқармасының мамандары жүргізген арнайы акция барысында алимент төлеуден жалтарған және борышкер 13 адамның жүрген жері анықталды. Борышкерлердің бірі Ресейдің Омбы қаласынан табылды. Уәлиханов ауданының 36 жастағы тұрғыны 2018 жылдан бері туған баласына алимент төлемеген. Ол жайында мәлімет қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушыларына берілді. «Іздеудегі адамның басқа мемлекетте жүргені анықталған жағдайда оған халықаралық іздеу жарияланады. Борышкер жүрген елге ол жайында бағыттама беріледі және іздеу шаралары жолданады», – дейді облыстық көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Еділ Қазиев.

   Акция күндері тәртіп сақшылары балаларына қарыз жеті адамның және бес борышкердің, сондай-ақ туыстарымен байланыс үзген бір адамның жүрген жерін анықтады. Жамбыл ауданындағы Украин ауылының тұрғыны екі жылдан артық жиенінен хабар алмаған. Полицейлер әйелдің арызы бойынша оны Петропавл қаласынан тауып, оған ауылдағы туысының байланыс нөмірлерін берді. Қазір облысымызда алимент төлеуден жалтарған 16 адам іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшылары бұдан басқа 32 борышкерге және туыстарымен байланысы үзілілген 17 адамға іздеу жариялады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp