Париж қаласында “Әлем әйелдерінің жаһандық саммиті” өтті. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен 37 делегация қатысып, қазіргі таңдағы гендерлік саясаттың түйінді мәселелерін талқылады.
Онда экономикалық, қоғамдық ұйымдарда да 30 пайыз нәзік жандардың жұмыс істеуі қажет екендігі атап көрсетілді.
Форумға облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева бастаған жерлестеріміз де қатысты. Әлемнің 80 елінен жиналған 1300 әйелдің арасынан жүлделі 3-орынды қазақстандық қыз-келіншектер қанжығаларына байлады. Олар белгілі дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген киімдерімен де ерекшеленді.
“Нұр Отан” ХДП-ның филиалында осыны баяндаған облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева әрбір іскер жанның қоғамдағы рөлі мен олардың атқарып жүрген жұмыстарына да тоқталды.
Меңсұлу РАХМАТОЛЛА,
М.Қозыбаев атындағы
СҚМУ студенті.