«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАЛЫМНЫҢ ҚОС ТОМДЫҒЫ

Жуырда жерлесіміз, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтің екітомдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ғалым сиясы кеуіп үлгермеген жаңа кітаптарын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға сыйға тартты.

Ұзақ жылдар бойы тіл білімі саласында тер төгіп жүрген қоғам қайраткерінің ғылыми еңбектері – халық ауыз әдебиеті, жыраулар мен ақындар поэзиясы және шешендік саласына байланысты зерттеулер. Ол – 400-ден аса ғылыми, әдеби-сын мақала мен рецензия, “Өлең өмірі”, “Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі”, “Өнерпаздық өрнектері”, “Шешендік өнер”, “Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика”, “Мәлік Ғабдуллин” атты еңбектердің авторы.

“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылған екітомдық зерттеулер жинағында қазақ өлеңінің мелодикалық-интонациялық құрылысы, ырғақтық кестесі, дыбыстық жүйесі, ұйқас табиғаты, жыраулар тілінің образдық-метафоралық қабаттары талданып, қазақ сал-серілерінің өнерпаздық болмысы жан-жақты зерделенеді.

Фарида ТҰЯҚОВА,

облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың

бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp