«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда автобус парктері жаңартылуда

Талдау мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 12 мыңнан астам автобустың тозығы жеткен, олардың жартысынан жуығының күйі нашар.

Қоғамдық көлік сапасының ең нашар көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Алматы қаласы мен Алматы облысында да көрсеткіш нашар. Мұнда ауаның ластануының негізгі үлесі көлік шығарындыларына тиесілі.
Қазақстанның қалааралық және облысішілік тасымалдау мәселелері де күрделі жағдайда, бұл бағыттарда 30 жылдан асқан және одан да ескі техниканы жиі кездестіруге болады.
Өздерінің парктерін белсенді жаңарту бойынша алдыңғы қатарлы қалалар Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақмола облысы болып табылады. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстары да ауқымды жаңартуды кейінге қалдырған жоқ.
Мәселен, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңірде жыл соңына дейін 275 бірлік қоғамдық көлік жаңартылады.
Жолаушылар қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және еліміздің қалалары мен облыстарының экологиялық сақталуы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің “ҚДБ-Лизинг” АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жетілдіру жөніндегі бағдарламасының арқасында мүмкін болды.
Бүгінде елімізде автобустар мен электр автобустарын шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істейді.
Шығарылатын техниканың көлемі бойынша қостанайлық “СарыарқаАвтоПром” көшбасшы болып табылады, ол бүгінде 2413 техника жасады. Биыл зауыт «Yutong» және «Ankai» автобустары мен электр автобустарының 713 бірлігін жеткізді.
Қазақстандағы алғашқы «Daewoo Bus Kazakhstan» қоғамдық көлік шығаратын зауыты негізі қаланған сәттен бастап 1613 бірлік техника шығарды. Ағымдағы жылдың алғашқы 8 айында кәсіпорын «Daewoo» маркалы автобусының 266 бірлігін шығарды.
«Hyundai Trans Auto» коммерциялық техникасын шығаратын зауыттың көлемі 1000-нан астам бірлікті құрайды. 2019 жылы зауыт 78 автобусты шығарып, «Golden Dragon» маркалы автобустарын шығара бастады. Бүгінде кәсіпорын қоғамдық көліктің шанақтарын дәнекерлеу және бояу бойынша цехтардың құрылысын жүргізуде, онда конвейерден электр автобустары мен троллейбустар шығатын болады.
Жақында Семейдегі “СемАЗ” зауыты өз өндірісін ұйымдастырды, ол биыл 160 «ГАЗ» және «Dong Feng» автобустарын шығарды.
Қалалық және өңіраралық қоғамдық көліктің баламалы отыны бар техниканың экологиялық таза түріне көшуінің әлемдік үрдісі бірте-бірте Қазақстанға да еніп келеді.
Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақтау қалаларында отандық электр автобустарының бағыттарын кездестіруге болады. Елдің көрікті орындары – Бурабай сияқты курорттық аймақтар да жақын арада экологиялық таза көліктің түріне ауысуы мүмкін.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp