Қазақстанда осы кезде 3 044 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 74 сәби бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің “Telegram” каналындағы мәліметтерге қарағанда, еліміздің стационарларында осы кезде 1 950 науқас жатыр. 1 094 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 84 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.
“ҚазАқпарат”.