Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастырып отыр. Олардың арасында 59 бала бар.
Стационарларда 1 813 науқас жатыр, 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
“Науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр”, делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
https://egemen.kz