«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды – Президент

Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

“1945 жылы 24 қазанда, яғни 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт Қырғи-қабақ соғыс кезінде және жалпы құбылмалы кезеңде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, әмбебап ұйымның ұзақмерзімді мақсаттарына адалдығын сақтайды”, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.
 


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp