«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан Швейцарияның карантиндік тізімінен шығарылды

Швейцарияның Федералдық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды осы елге оралғанда азаматтары карантинді сақтау қажет елдер тізімінен алып тастады.

Швейцарияға белгілі бір елдерден және “жұқтыру қаупі жоғары” аймақтардан келген адамдар карантинге жатқызылуы керек. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйектен бастап қайта жаңартылды.
Қазақстаннан басқа, тізімнен Қырғызстан, сондай-ақ Бельгия, Сальвадор, Эсватини (Свазиленд), Люксембург, Мексика және Оман елдері де шығарылды.
Айта кетейік, Швейцария адам қай елден ұшып келгенін ғана емес, соңғы 14 күн ішінде қай мемлекеттерде болғанын да ескеріп, шара қабылдайды. 


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp