Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің қызметкерлері Петропавл құрылыс экономикалық колледжінде “Елбасы – ел мақтанышы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында студенттерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елдің дамуы мен қалыптасуына сіңірген еңбегі туралы жан-жақты айтылды. Сондай-ақ олар Тұңғыш Президентіміздің өмірбаянымен, оның Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту жөніндегі қызметімен танысты.
Жастар Елбасының балалық шағы мен отбасына қатысты және өткен кезеңдер тарихынан сыр шертетін фотосуреттерге қызығушылық білдірді.
Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,
“Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары.