«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Қазгидромет» фермерлерге арналған интернет-қосымшаны іске қосты

Интернет-қосымша шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. «AgroData»-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда әзірге мұндай сервистің баламасы жоқ.

Осы жылдың қазан айынан бастап фермерлер нақты ақпаратты және болжамдарды онлайн режимде көре алады. Қосымшада ауа райы болжамдары, топырақтағы ылғал қоры және өсімдік шаруашылығында шешім қабылдауға арналған басқа да маңызды ақпарат бар. Барлық ақпарат қарапайым және қолжетімді түрде https://agrodata.kz сілтемесі бойынша ұсынылған.  
“Жақын арада қосымша 3 сағаттық ауа райы болжамдарымен толықтырылатын болады”, делінген хабарламада.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp