«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӨРКЕМ ҚАСИЕТ

Өңір аумағында “Мейірімділік керуені” байқау-акциясы өтуде. Ол Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, “Хабар”, “КТК” телеарналарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Шара қайырымдылық идеяларын насихаттап, дамытуды, белсенді азаматтық бастамаларды қолдауды көздейді.

Байқау талаптары сөз етілген брифингте “Облыстық іскер әйел­дер қауымдастығы” қо­ғам­дық бірлестігінің төрайымы Алла Писаренко демеушілі­к шарала­рында белсенді кәсіпкерлер мен азаматтардың бұған дейінгі ат­қар­ған жұмыстарын баяндады. “Бұл шара жүрегі жомарт жан­дар­дың еңбегін көрсетуге бағыт­талған. Олардың қайырымды іс­тері елеусіз қалмауы тиіс, біреуге көмегін көрсетуді азаматтық по­зициясына балаған тұлғаларды халық, әсіресе, жастар тануы ке­рек. Біздің өңірімізде өз Отанына, туған жеріне риясыз қызмет етіп, көмектесуді мақсат тұтқан жан­дар аз емес. Мәселен, біздің қо­ғам­дық­ бірлестікке мүше нәзік жан­дар аз қамтылған отбасы­ларға киім-кешекпен көмектесіп, азық-түлікті тегін таратуда. Бұл бас­тамамыз басқа аймақтарға үлгі”, – деді ол. Сондай-ақ, бұл кон­курсқа әлеуметтік проблема­ларды шешуге өз үлестерін қо­сып, сол арқылы өзге азаматтар­ға үлгі болып жүрген жеке және заңды тұлғалар да қатыса алады.

Конкурсқа өтінімдер бес ата­лым бойынша қабылданады. Мә­селен, “Асар” аталымы ұлттық салт-дәстүрлерді дамытуға өз үлесін қосып жүрген адамдарды ынталандыруға бағытталған. “Ту­ған жер” – білім беру, экология және абаттандыру ісінде баста­ма­шыл, “Батыл жүрек” – ерлік, қайсарлық танытқан азаматтар­ды топтастырады. “Мейірім жо­лында” аталымында қайтарым­сыз көмек көрсеткен қайырымды жандар марапатқа ие болады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp