“ОРиДИ” мүгедек балалар мен ата-аналардың ұйымының өтініші бойынша Петропавл қалалық Білім бөлімі “Біз мектепке барамыз” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.
Шара барысында бірқатар білім беру мекемелері мүмкіндігінше жарымжан балаларға көмек қолын созып, қаржылай көмек көрсетті. Облыс орталығындағы “Ақ бота” бөбекжай-бақшасының ұжымы да бұл шарадан тыс қалмады. Мекеме қызметкерлері сәби кезінен сырқат Карина Әленованың үйіне барып, қаржылай көмек көрсетіп, ойыншықтарды сыйға тартты. Жанары бал-бұл жанған 7 жасар бүлдіршіннің қуанышында шек болмады.
(Өз тілшімізден).