«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

“Биыл қар қалың түсті. Көктемде өзен мен көлдердің су деңгейi қаншаға көтеріледі екен?” – деген ой көпшілікті мазалап жүргені сөзсіз.

Көктем жақындаған сайын су айдыны жағасында қауіпсіздік ережелерін бір уақыт та естен шығармау керек. Өзенде мұз көшкiнi басталған сәттегі табиғат көрінісі кез келген адамды өзіне баурайды. Осындайда балалар ата-анасының қарауынсыз су жағасына баруға әуес. Өзеннің үсті жіпси бастаса да, балалар мұздың сықырлап жарылғанын қызық көріп, оның үстімен жүреді. Балықшылар да жөнсіз әрекеттерге жол береді. Құжаты жоқ кейбіреулер тығылып жүріп, қауіпті жерлерде балық аулайды. Осындай түрлі жайттар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірері сөзсіз.

Су тасқыны жылда болады, бірақ, оның қауіпсіздік деңгейі әртүрлі. Тасқыннан кейбір жерлердегі электр жүйесiне, жолдарға, жеке тұрғын үй шаруашылық құрылыстарына мейлінше зиян келетінін жылда байқап жүрміз. Есіл өзенінің жиегінде, әсіресе, ойпаңда орналасқан елді мекендердің тұрғындары өз қауіпсіздіктерін алдын ала ойлағандары дұрыс. Тұрғындар көктемгі тасқынға ертерек қамданса дейміз. Азық-түлiк қоры мен ең қажеттi заттарын жинақтап, алғашқы медициналық көмекке керекті дәрi-дәрмектерді дайындап қойғандары жөн. Бүгінде әр үйдің маңында үйіліп жатқан қардың еритін мезгілін күтпей, тазартып, ағын судың жолдарын қоқыстан ашса, ертеңгі күні артық әрекет жасалмайды. Ендеше, көктемгі тасқын қалай болады деп үрке қарағаннан гөрі, оған алдын ала қамдансақ, бұл да елеусіз өте шығатын кез.

Ерлік ҚАПАНОВ,

Шал ақын ауданының

төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің инженері,

азаматтық қорғаныс капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp