«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМҚОРЛЫҒЫНА РИЗАМЫЗ

Мен – “Солтүстік Қазақстан” газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Газет арқылы облысымызда күнбе-күн болып жатқан жаңалықтарды оқып, біліп отырамын. Қандай қиындықтар алдымыздан шықса да, өңіріміз дамып, көркейе түсуде. Осындай оң өзгерістер біздің Шал ақын ауданына да тән. Мәселен, аудан орталығындағы көпқабатты үйлерге су тарту мәселесі өз шешімін тауып, тұрғындар бір қуанып қалды. Аудан әкімі Ербол Сағдиев аз уақытта көптеген игі шараларды жүзеге асырып, халықтың ризашылығына бөленуде. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ойлап, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын аудан әкіміне айтар алғысымыз шексіз.

Қарапайым адамдардың жақсы өмір сүруіне қолдан келгенше барлық жағдайды жасауға тырысатын жанашыр азаматтардың жақсы істерін көргенде көңілің толып, жүрегіңе жылылық сезімі орнайды. Осындай жауапты басшылар қатары көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.

Шәйін РАМАЗАНОВА,

еңбек ардагері.

Шал ақын ауданы,

Новопокровка ауылы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp