Жаңа жыл қарсаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және “Қызылжар аналары” қоғамдық бірлестігі көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың сәбилері үшін мерекелік шара ұйымдастырды. Тәтті тағамдар қойылған мерекелік дастарқан басына аналар мен балалар жиналып, дәмді шай ішіп, әсем ән тыңдап, көңілімізді көтердік. Ұйымдастырушылар балаларымызға көтеріңкі көңілкүймен қатар, сыйлықтар ұсынды. Бұл – жыл сайын жалғасын табатын қайырымдылық шарасы. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиеваның бастамасымен осындай шаралар әр мереке аясында өтеді. Бұл біздер – аналар үшін өте маңызды кездесулер. Өйткені, осындай дастарқан басында қоғамдық жұмысқа белсенді түрде араласатын іскер әйелдермен емен-жарқын әңгімелесіп, өз мәселемізді ортаға салуға мүмкіндік аламыз. Олар болса өз алдына әрқайсымызды тыңдап, әлеуметтік мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешуге қолдарынан келгенше аянбайды. Ал балаларымыз болса сыйлық алып, бір қуанып қалады. Аналарға қамқорлық көрсетіп, қолдау болған осындай мейірімді жандарға алғысымызды білдіреміз.
Мария МАМОНТОВА.
Петропавл қаласы.