«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаржыны қысқартқаннан не ұтамыз?

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралған мәселелердің бірі өңір бюджетіне қатысты болды. Қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант облыс бюджетіндегі өзгерістерді нақтылауға қатысты баяндамасын оқыды.

Оның айтуынша, көктемде бол­ған су тасқынының салдарын жоюға 2 млрд. 100 млн. теңге бөлінген. Осы­­ған байланысты денсаулық сақ­тау басқармасына бағытталатын қаржы 365,6 млн. теңгеге қысқара­ды. Ал білім басқармасына тиесілі сома 31,8 млн. теңгеге азаяды.

Дегенмен бұл ұсыныс қоғамдық кеңес мүшелерінің көңіліне жақпай қалды. Өз ке­зегінде Наталья Дышкант әр сауал­ға жауап беруге ты­рыс­ты. Тіпті бірқатар маңызды жо­ба­лар қолға алы­натынын да айтты. Дегенмен қоғам­дық кеңес мүшеле­рінің пікірінше, қо­мақты қаржыны ма­ңызды мәселе­лерді шешуге бағыт­таған дұрыс. Мә­селен, Павел Афа­насьев білім беру, ден­саулық сақтау және ветеринария салаларына бө­лінетін ақшаны қыс­қартпау керектігін баса айтты.

Алдағы уақытта спорт саласына бөлінетін қаржы – 24 млн., ал энер­гетика және ТҮКШ басқармасына бағытталатын қаражат 273 млн. тең­геге қысқаруы ықтимал.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp