«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарттар қауіпсіздігі үшін

Петропавлда кәсіподақ ұйымы мен төтенше жағдайлар жө­ніндегі басқарманың мамандары жалғызбасты зейнет­кер­лердің үйлеріне өртке қарсы дабылқаққыштар ор­натты.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сегіз мыңнан астам мүшесі бар. Ұйым мұғалімдердің кәсіби ме­рекесі қарсаңында жалғызбасты ардагерлерге сыйлық жасап, үй­леріне өрт туралы белгі бере­тін датчиктер орнатқызды.

Төтенше жағдайлар қызметі былтыр облыста көпбалалы жә­не әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасылардың 538-іне улы газ және түтін датчиктерін орнатты. Биыл мұндай құрылғы­лар­дың 249-ы қойылды. Бұл жұ­мыстар әлі жалғасуда.

“Егде жас­тағы адамдарда есту, көру, иіс сезу қабілеті тө­мендейді. Қарт адам өрт кезінде түтіннің иі­сін сезбеуі мүмкін. Датчиктер тү­тін шыққан уақытта бірден хабар беріп, өртті өр­шітпей ерте кез­ден сөндіруге мүм­кіндік тудыра­ды. Өрт оша­ғын ерте анықтау жұрттың мүл­кін, бірінші кезекте адамдардың өмірі мен денсау­лығын сақтауға көмектеседі. Тұр­ғындарға пеш­терді, газ пли­тала­рын, электр жаб­дықтарын пай­далану кезін­де өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жа­ды­намалар таратыл­ды. Сондай-ақ, оларға өрт туын­даған жағдайда әрекет ету тәрті­бі түсіндірілді”, – дейді Петро­павл қалалық төтен­ше жағ­дай­лар жөніндегі бас­қарманың бас маманы Әсет Шайкин.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp