«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛАДЫ

2020 жылы тұтынушылық кре­дит беру нарығында мақсаты қар­жы нарығының осы секторын рет­теу және қарыз алушылардың құ­қықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатын өзгерістер орын алады.

Осы жаңалықтардың заңнама­лық негізі Қазақстан Республика­сы­ның “Қаржы нарығын реттеу жә­не дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бо­йынша кейбір заңнамалық акті­лер­ге өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы” Заңының талаптарында көрініс тапқан.
Реттелмейтін секторда тұты­ну­шылық кредит берудің өсу мәсе­лелерін шешу, реттелмейтін кре­диторлар тарапынан қарыз алу­шы­лардың құқықтары мен мүдде­ле­рінің бұзылуын болдырмау үшін осы заң онлайн-кредит беру ком­панияларының, кредиттік серік­тес­тік­тердің және ломбардтардың қызметіне қадағалау органының реттеу периметрін кеңейтеді.
Атап айтқанда, заң аталған на­рық қатысушыларын микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым­дар ретінде қадағалау органында міндетті есептік тіркеуді енгізеді. Барлық реттелмейтін креди­тор­лар, қажет болған жағдайда, микроқаржы қызметін жүзеге асы­ратын ұйымдар ретінде қайта тір­кеу­ден және 2020 жылдың 1 шіл­десіне дейінгі мерзімде қадағалау органында міндетті есептік тір­кеуден өтеді.
Микроқаржы қызметі субъекті­ле­рін реттеу қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағыттала­тын болады. Мысалы, микрокре­дит­тер беру ережелерінің болуы, сыйақының шек­ті ставкаларын сақтау, кредиттік бюроға ақпарат беру қажеттігіне қойылатын талаптар белгіленеді, бұл қарыз алушылардың борыш­тық жүктемесін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының заңнамасына енгі­зіл­ген өзгерістер арқылы банктер үшін кредит беруге және оған қыз­мет көрсетуге байланысты тұрақ­сыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді, жеке тұлға­лар­дың 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша есептеуге тыйым салынатын болады. Бұл өз кезегінде, азаматтарды қарыз­дың тұрақты өсуінен қорғауға негіз болады.
Осы нормалармен сондай-ақ, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады, қарыз алу­шыға борыштық жүктеме коэф­фициентін есептеу тәртібін қайта қарау көзделгенін атап өткен жөн. Қарыз беру кезінде азаматтардың борыштық жүктемесінің коэффи­циентін есептеу кезінде қарыз алу­шының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі мен әлеу­меттік мәртебесі ескерілетін бола­ды. Мәселен, борыштық жүктеме коэффициентінің шекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне күнкөріс минимумынан қарыз алу­шының табысынан шегерім белгі­ленетін болады.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі ту­ралы” Заңының талаптарына сәй­кес банктен қарыз алушы қарыз шар­ты бойынша міндеттемелерді орын­дамаған жағдайда қарыз алу­шының ағымдағы шоттарындағы ақшасынан төлем талап ету арқылы өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, мұндай өндіріп алу оның ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін ақшаның әрбір со­масының 50 пайыз шегінде шек­теледі. Бұл ретте, 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті, тиісті қаржы жы­лына белгіленген ең төменгі күн­көріс деңгейінен кем емес сомада ақшаны өндіріп алу кезінде жеке тұлғалардың ағымдағы шотта­рын­да сақтауға қатысты заңнама нормалары енгізілді. Осылайша, қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлем талабы негізінде 50 пайыз шегінде өндіріп алу ке­зінде банктік шотта ең төменгі күн­көріс мөлшерінен кем емес со­мада ақша қалуы тиіс.
Заңдарда сондай-ақ, жәрдем­ақыларды және әлеуметтік төлем­дерді, кәмелетке толмаған бала­ларды ұстауға арналған алимент­терді, азаматтардың тұрғын үй құ­рылыс жинақ ақшаларын, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақ­таушы салымдарын есептеуге арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген, бұл ретте осы мақсаттар үшін арнайы шоттар ашу тәртібі көзделген.
Егер жеке тұлға кәмелеттік жас­қа толмаған балаларды асырап – бағуға жәрдемақы және әлеумет­тік төлемдерді, алименттерді алу­шы болса, онда бұл жағдайда оған арнайы шот ашу қажет, ол шоттан үшін­ші тұлғалардың өндіріп алуы жүзеге асырылмайды.

Алма ҚОСПАНОВА.

Сурет https://zajmy-online.kz/  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp