«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫМТА ОЙЫНДА ҚАПЫ ҚАЛДЫ

Ерлер арасында шайбалы хоккейден «Pro Hokei Ligasy» тұрақты ел біріншілігінің кезекті маусымы өтуде. 

Жарыстың екінші тур ойындары аясында жергілікті “Qulager” командасы өз алаңында атыраулық “Beibarys”-пен кездесті.

Петропавл қаласында өткен кездесудің алғашқы ойынында атыраулықтар есепті үш минуттың ішінде ашты. Бірақ бұған жерлестеріміз жасып қалмады, командамыздың қақпашысы Дмитрий Хозяшев те тез есін жиды. Нәтиже көп күттірмеді, бірер минуттан соң қорғаушы Дамир Рамазанов таразы басын теңестірді. Ойын тізгінін осылайша қолына алған құлагерліктер қарсылас қақпасынан қатарынан үш рет саңылау тапты. Атап айтқанда, Анатолий Васильев, Дмитрий Исмагилов, Федор Хорошев мергендік танытты. Есеп – 4:1.

Келесі күнгі қарымта кездесу “Beibarys”-тың пайдасына шешілді. Бұл жолы да атыраулықтар бірден белсенділік танытып, есеп ашты. Сәлден соң оларға жерлесіміз Станислав Логинов жауап қайтарғанымен, қарсыластар матч соңына дейін қақпамызға қатарынан екі шайба тоғытып үлгерді. Қорытындысында ойын 1:3 есебімен аяқталып, айдын иелері ұтылды.

 

Қоржынында 7 ұпайы бар “Qulager” турнир кестесінде үшінші орында келеді. Бүгін жерлестеріміз рудныйлық “Gornák” командасымен кездеседі. Сағат 17:00-де басталатын матчты www.ligasy.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp