«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жасады

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындау жасалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:
 Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;
Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;
Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.


https://egemen.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp