Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасы және апаттар медицинасы орталығымен бірлесіп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенттері арасында өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, жарақаттанудың алдын алу туралы білімдерін жетілдіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында баяндамашылар өрттің ең жиі кездесетін себептеріне тоқталып, Петропавлдағы төтенше жағдайлар туралы статистиканы жариялады және студенттерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Өрт қауіпсіздігі және су айдындарында адамдарды іздеп табу ережелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек әдістері үйретілді. Сонымен қатар 500-ге жуық студентті университеттің акт залынан қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында қатысушыларға жадынамалар таратылды.