«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсарту, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.
– Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жақсарту үшін қазіргі “платформалардың” жұмыс форматын қайта қарау қажет. Басты мақсат – халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және оның қызметінің тиімділігін арттыру, – деді Елбасы.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Президенттің жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp