«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢҒЫБАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛУДА

 Аязды күндері петропавлдық полицейлер 20-ға тарта қаңғыбасты түнгі түнеу орнына жеткізеді.

Жұмысшы кентінде орналасқан бұл мекеме 50 адамға шақталған. Бұл жерде медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, «Қызыл Ай» қоғамының филиалы және басқа да ерікті ұйымдардың ұйымдастыруымен ыстық тамақ, жылы киім таратылады. 

Түнеу пунктінен басқа қаңғыбастар қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеткізіледі. Мұнда олар криминалистикалық, жедел-анықтамалық және басқа тіркеуге алынады, осылайша өткен жылы  69 қылмыс ашылыпты. 2019 жылдың басынан қабылдап-тарату орнына 188 адам жеткізілген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp