«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаңғыбас адамдар анықталды

Облыс аумағында жүргізідген «Қаңғыбас» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрақты мекенжайы жоқ 371 адам анықталды. Петропавл қаласының тұрғыны 1971 жылы туған ағасының үйінен кетіп қалып, бүгінгі күнге дейін оралмағаны жайлы полицейлерге хабарлаған. Әйелдің айтуынша, ағасының жеке үйі болған. Аптасына бір рет үйіне барып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған. Көршілері ер адамды бірнеше күннен бері көрмеген. Айтуларынша, ол спирттік ішімдік ішкенімен, бұрын үйінен кетпеген. Жоғалған адамды іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылған, фотобағдарлар облыстың полиция бөліністеріне жіберілген. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде іздеу жарияланған. Іс-шара барысында оның жүруі мүмкін аудандар, темір жол вокзалы мен сапаржай, медициналық мекемелер, бейімдеу орталығы тексеріліп, тұрақты мекенжайы жоқ адамдардан жауап алынған. «Қаңғыбас» операциясы барысында із-түзсіз жоғалған адам Жамбыл ауданынан табылды. Ол туыстарын ескертпестен табыс табуға кеткен болып шықты.

 «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер үш күн ішінде үй-күйсіз жүрген адамдардың жиналатын жерлері – саяжай алқаптарын, қараусыз қалған ғимараттарды, үйлердің шатырларын, кәріз құдықтарын, қоқыс төгетін орындарды тексерді. Соның нәтижесінде полицейлер үй-күйсіздер жасаған үш қылмысты ашты, төрт қылмыскер ұсталып, жоғалған үш адамның жүрген жерлері анықталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp