«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолмен істегенді мойынмен көтереді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жайы жан-жақты әңгімеленді.

    Брифингке қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Мемслекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын жеткізді. Заң сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған. Азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынған.
Құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілік, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілік болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауына тыйым салынады.
“Мұның бәрі мемлекеттік аппараттың қоғам алдындағы транспаренттілігі мен есептілігін арттыруға ықпал ететін болады. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге оң әсер етеді. Белсенді азаматтар мен қоғамдық бақылаудың рөлі артады»,- деді өз сөзінде спикер.
Н. Жахин квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілгенінен хабардар етті. Комплаенс – батыс елдерінен келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше саналады. Жолдау тапсырмаларын орындау үшін Заңда жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылған. Қылмыстық кодекске «қылмыстық арандату» деген 412-1-ші бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтиттын болады. Бұл ретте, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері қылмыстық арандатуға жатады. Аталған бап әрекеттердің ауырлығына және салдарына қарай үш бөліктен тұрады. Заңсыз әрекеттердің зорлық-зомбылықпен не күш қолдану қатерімен ұштасқанына, мүліктің жойылуына немесе бүлінуіне әкеп соққанда, не адамның материалдық болмаса өзге де тәуелділігін пайдалана отырып жасалғанына, қылмыстық топтың мүддедеріне орай жасалғанына, не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырғанына қарай тағайындалатын болады. Жазаның ең төменгі мерзімі – екі жылға дейінгі мерзімге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, 3 жыл5а бас бостандығынан айыру. Ең жоғары санкция – белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан он жыл мерзімге шектеу арқылы 12 жылға түрмеге тоғыту. Осы түзетуді қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал етеді. Лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қосымша тосқауыл қояды, деді сөзінің соңында департамент бастығының бірінші орыбасары.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp