«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА – 134 МЕДАЛЬ!


Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған 146 спортшы 134 медаль жеңіп алды. 

Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді.

Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы бәсекеде де қазақстандық қол күрес шеберлері қарсыластарына дес бермеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еліміз 8 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды. Ал ардагер отандастарымыз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың шешуші кезеңінде ересек спортшылар ел қоржынына 8 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль салып, бірінші орыннан көрінді.
Әлем чемпионатының жалпы қорытындысы бойынша ел құрамасы 51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен дүбірлі додада екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, үздік үштікті Грузия спортшылары түйіндеді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp