Облыста айыппұлдарын өтемейтін тұрғындардың саны артқан. Өткен жылы өңірде 12 мыңнан астам адамға әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 114 млн. теңгеден астам айыппұл салынса, бүгінгі күні оның тек 51 пайызы мемлекет қазынасына түскен.
– Спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандардан айыппұл өндіріп алу қиынға соғып отыр. Өйткені, көбі жұмыссыз. Сондықтан бұл жандарды түзету жұмыстарына тарту қажет, – дейді облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев.