«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ҮЗДІК АУЛА

 

Петропавл қаласында “Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинайтын үздік аула” атты экологиялық акция өзінің мәресіне жетті. Оған облыс орталығындағы пәтер иелерінің кооперативтері қатысты. 

“Green Help” қоғамдық бірлестігінің менеджері Қорлан Дүйсенованың айтуынша, бұл шара облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен осы ұйымның, “ПромТехноРесурсKZ” және “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ұйытқы болуымен өтті. Акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

– Шілде айында бастау алған шараның мақсаты – жергілікті тұрғындарды қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинауға үйрету, сонымен қатар оларға қазіргі уақытта мұның барлығының қалайша қайтадан өңделіп, кәдеге жаратылатынын түсіндіру. Барлық қатысушыларға бұл туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Болашақта осындай акциялар жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр, – деді Қорлан Сәлкенқызы.
Шараның қорытындысы бойынша облыс орталығының Уәлиханов көшесіндегі 19-шы үйдің ауласы бірінші орынға лайық деп танылды. Жамбыл қысқа көшесінде орналасқан 1 А үйдің ауласы – екінші, ал Абай көшесіндегі 57-ші үйдің ауласы үшінші орынға ие болды. Жақсы нәтижелерге қол жеткізген пәтер иелерінің кооперативтерінің төрағалары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp