«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызметтерінен кетті

    

Қоғамдық қатынастардың барлық саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу, оған қарсы ашықтық, айқындық, жұртшылық бойында жиіркенішті көзқарас қалыптастырудың мәні өте зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Жуырда жарияланған тарихи құжатта қоғамды жегі құрттай жеген індетпен күрестің барынша жүйелі сипат алуына ерекше мән берілді.

   Басшының дербес жауапкершілігі заңына сәйкес лауазымды тұлғалар – облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадияров қызметтерінен кетті. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Президент Әкімшілігінің келісімен өкім шығарып, қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін тиісті жазаларын беріп, қатаң жауапкершілікке тартты.
  Газет оқырмандарына түсінікті болу үшін айта кетейік. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаев жалпы сомасы 650 мың теңге шамасында пара алды деген күдікке ілінген еді. Ол Ақжар ауданы Талшық ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Сот оны және осы қылмысқа қатысы бар Ақжар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековті айыпты деп танып, үкім заңды күшіне енген болатын.

 

Сурет: https://tengrinews.kz/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp