«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызметтік көлік – учаскелік инспекторларға

Петропавл қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне жаңа көлік табыс етілді. Бұл автокөлік Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында бөлінген.

– Материалдық-техникалық базаны нығайту әрқашан халықпен байланыстағы полиция қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Жедел әрекет етуге жағдай жасау – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосу болып табылады, – деді «Лада Веста» автокөлігінің сертификаты мен кілтін табыс еткен облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.
Петропавлдағы №1 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары қаланың 24 мың адам тұратын орталық бөлігіне қызмет көрсетеді. Бұл бірнеше көңіл көтеру орындары, жаңа салынған көпқабатты және жекеменшік үйлер, спорт нысандары бар ірі шағынаудандардың бірі. Қаланың басқа да учаскелік полиция пункттері сияқты ол да планшеттермен, аулаларға және басқа да қоғамдық орындарға шығарылған бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Петропавлда 13 учаскелік полиция пункті бар, онда тоқсаннан астам инспекторлар жұмыс істейді. Қазір елімізде учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, олардың өкілеттіктерін кеңейту, материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp