Кеше, 28 мамырда Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алу бойынша байқау өткізу кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.Балахонцевқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметі.
ҚазАқпарат.