48 жасар қала тұрғынынан «102» арнасына пәтерінде адам өлтірілді деген хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аттанған, алайда, жолда олар шақыртудан бас тартылғаны туралы хабар алған. Әйел өзі қайтадан қоңырау шалып, өтірік айтқанын мойындаған. Содан кейін ол мекенжайға учаскелік полиция инспекторы барған.
Полиция капитаны Жанат Мұхамеджанов пәтерде масаң күйдегі әйел мен екі ер адамның отырғанын көрген. Әйел отырыста адам өлімі туралы әзілдеп, көңіл көтермекші болғанын айтқан. Әйел мұндай әрекетке бұған дейін де барған екен. Наурыз айында ол осыған ұқсас бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған, бірақ одан сабақ алмаған секілді. Ол «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру» бабы бойынша жауапқа тартылды. Енді орынсыз әзілі үшін оған 80 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.
Жыл басынан бері арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру бойынша 327 дерек тіркеліпті.