Ұры тойғанша жейді,
Өлгенше қарғанады.
* * *
Түздегіні үйде болжама.
* * *
Ит тұмсығына су жеткенде жүзеді.
* * *
Кірейін десең, жер қатты,
Қияйын дейсің, жан тәтті.
* * *
Қоныс таңдағанша, өріс таңда.
* * *
Келін жаман емес, келген жер
жаман.
* * *
Былтыр күйді, биыл исі шықты.
* * *
Сақалыңның ағы бар,
Балалығың тағы бар.
* * *
Адам аласынан
Сөз аласы жаман.
Оттың шаласынан
Сөз шаласы жаман.
* * *
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
* * *
Жігіт өлер жеріне күліп барады.
* * *
Қойдың қарғысы қасқырға
жетпейді.
* * *
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.
(aitaber.kz блог-тұғырынан алынды).